Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларды өткізу бойынша есеп
Октябрь негізгі мектебі бойынша.
http://sc0006.akkol.aqmoedu.kz/images/blank.png
Сыныптан тыс іс-шара қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл еліміздің азаматтары үшін ерекше күн.
Тарих пәнінің мұғалімі Н. Ф. Гирчук 12.12.2019 ж. 6-9 сынып оқушыларымен Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сыныптан тыс іс-шара ойын түрінде өтті, оқушылар екі топқа бөлінді. 6 сынып оқушылары "Тәуелсіз Қазақстан" викторинасын өткізді, содан кейін "Қазақстан туралы барлық мақал-мәтелдер" мақал-мәтелдер сайысын өткізді, сонымен қатар "карта жина" сайысы болды. Біздің Республикамыздың тәуелсіз болғаны туралы оқушылар фильм көрді, өлеңдер айтты, 9 сынып "Менің Қазақстаным"әнін орындады.
Сынып жетекшілері 2-9 сыныптар аралығында "Казахстан Родина моя" "Менің жерім - менің Қазақстаным" атты ойын түрінде сынып сағатын өткізді, өлеңдер оқыды, Қазақстан туралы сөзжұмбақтар шешті , сонымен қатар презентация көрді, 4 сынып оқушылары "Здравствуй столица"әнімен би дайындады. 2-4 сынып оқушылары "Менің Отаным Қазақстан"атты көрме ұйымдастырды. Балалар Тәуелсіздік күніне, жас мемлекеттің қалыптасуына арналған сынып сағатын О. С. Прокуратурова өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталды . Қазылар алқасы іс-шараға қатысқан оқушылардың шығармашылығы мен шеберлігіне жоғары баға берді. Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары риза болды.